Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы тағайындалды. Бұл қызметке танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен келді, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Е.Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары Qazsport арнасының редакторы болған. Сол қызметті атқара жүріп 2014 жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатында оқиға орнынан қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет репортаж жүргізген.
Ол 2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарды.
Өткен жылдан бері Qazsport телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметіне кірісті.