21 сәу, 2026 сағат 17:57

Қазақстан Еуразиядағы орталық логистикалық және инвестициялық хаб мәртебесін нығайтып келеді


Фото: видеодан скриншот
Қазақстан мен Түркия арасында өткен дөңгелек үстел барысында YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арслан компания еліміздің өнеркәсіптік және транзиттік әлеуетін ашу үшін $2,5 млрд-тан астам инвестиция салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ақтау және Түркістандағы әуежайлар пайдалануға беріліп, елордада индустриялық парк іске қосылған. 

Келесі кезең – теңіз логистикасы мен агроөнеркәсіп саласын күшейту. Ақтауда теңіз айлағын салу және Петропавлда құны $230 млн болатын кешенді іске қосу жоспарланып отыр. 

«Әлемнің алты еліндегі тәжірибемізді ескере отырып, мен Қазақстан инвесторларға қолайлы ел деп айта аламын. Инвесторлар тартуға барлық қолдау көрсетілуде және бұл шынында да инвестиция тартуға өте ыңғайлы мемлекет. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Алдағы 5 жылда біз мүлдем басқа Қазақстанды көреміз деп сенемін. 5 жылдан кейін Қазақстан әлемнің экономикасы ең дамыған 10 елінің қатарынан орын алатынына шын жүректен сенемін», — деп атап өтті спикер.