Qarmet компаниясының шахталарында көмірді құрғақ байытуға арналған заманауи кешендер құрылысы жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама өндірістің тиімділігін, экологиялық тазалығын және технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған компанияның ауқымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі.
Жоба бірден төрт шахтада іске асырылуда: «Шахтинск», «Қазақстан», «Абай» және Т. Күзембаев атындағы шахта. Оның негізгі міндеті – көмір сапасын өндіру кезеңінің өзінде жақсартып, шикізатты әрі қарай өңдеуге дайындау.