«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның еңбек нарығына сараптама жүргізді. Оның қорытындысында қай салада жұмыс істейтін әйелдердің үлесі басым екендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Палата мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан халқының 51 пайызын әйелдер құрайды. Бірақ, экономикағы белсенді халық құрылымында ерлерді үлесі басым – 52 пайыз.
«Әйелдердің басым бөлігі жұмыс істейтін салалар – бұл сауда-саттық, білім беру, тұрғын-жай мен тамақтану қызметтерін ұсыну, қаржы және сақтадыру қызметі, денсаулық сақтау, әлеумет қызмет көрсету, өнер және көңіл көтеру, жылжымайтын мүлікпен операциялар, түрлі қызмет түрлері», - деді «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев қыздар мен әйелдердің әлеуетін талқылауға арналған форумда.
Оның атап өтуінше, жоғары оқу орнын бітірген қыздар жұмыста тез орналасады. Қыздар жұмыс істеуге 3 айдан аз уақытта жұмсаса, жігіттер 3 айдан да көп уақыт жұмысқа орналаса алмайды. Пайызға шаққанда ЖОО бітірген қыздардың 77,9 пайызы, жігіттердің 76 пайызы жұмысқа орналасады.
