Елімізде тағы екі науқас коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Олар: Павлодар облысында 1956 жылы дүниеге келген әйел және Маңғыстау облысында 1966 жылы туған ер адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша COVID-19 індетінен 70 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 14 Алматы қаласы – 10 Шымкент қаласы – 10 Ақмола облысы – 4 Атырау облысы – 3 Шығыс Қазақстан облысы – 1 Жамбыл облысы – 1 Батыс Қазақстан облысы – 3 Қарағанды облысы – 7 Қостанай облысы – 2 Маңғыстау облысы – 2 Павлодар облысы – 10 Түркістан облысы – 3