Фото: gov.kz
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан ҰҚШҰ жаттығуларына Беларуське бронды техника жөнелтті деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Интернетте тараған Қазақстан бронды техника жіберді деген ақпараттар – фейк. Қазіргі таңда бүкіл техника тұрақты дислокация пунктерінде тұр, 11 адамнан құралған жедел топ жіберілді. Тиісінше, бұл - басқару органдарының жұмысы", - деді Жақсылықов Үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, жоспарлы оқу-жаттығулардың орны алдын ала таңдалады.
"Бұл жерде Украина локациясының қатысы қанша? Беларусь – бейбіт мемлекет, ҰҚШҰ мүшесі. Өткізу орны туралы шешім күні бұрын қабылданады. Қандай да бір қауіп немесе мәселе жоқ", - деді министр.