23 там, 2018 сағат 12:23

Қазақстан Азия ойындарындағы екінші алтынын алды

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды. Күмісті жапониялық Фумиюки Беппи, қоланы таиландық Навиту Липхони иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаттыққа сілтеме жасап.

Луценко 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған.

Сонымен қатар 23 тамызда академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова, стенда атудан Мария Дмитриенко қола медаль иеленді.

Қазақстан спортшылары Джакартадағы Азия ойындарында 2 алтын, 6 күміс, 15 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанған.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.