#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

«Қазақстан» атауы аяқ астында жазылғанын қаламаймын – Димаш

  • 05.08.2020
  • 0
  • 160

Әнші Димаш Құдайберген бразилиялық жанкүйерлерге өтінішін жолдап, «Қазақстан» атауының аяқ астында жазылғанын қаламайтынын жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

 «Ең алдымен, менің әндерімді күннен-күнге сүйіп тыңдап, өнеріме деген махаббаттары артып келе жатқан бразилиялық, жалпы Латын Америкалық тыңдармандарыма үлкен алғысымды білдіргім келіп тұр. Сіздердің бұл тосын сыйларыңызды да сол сүйіспеншіліктің белгісі деп білемін», - деп жазды әнші Instagram парақшасында баспалдаққа жазылған «Қазақстан» атауының суретін жариялап.

 

Әнші алайда туған жерінің, жүрегінің төрінен орын алған асыл өлке - Қазақстанымның атауы аяқ астында жазылғанын қаламайтынын жеткізді. 

«Түсінемін, бұл сыйлық маған деген тап-таза көңілдеріңізден туындап жатыр. 

Бірақ, кезінде ұлы адам шебер спортшы Мұхаммед Алиді де өте сыйлап, «Жұлдыздар аллеясынан» орын бергенде ол кісі өз есімінің жерде, аяқ басар тұста тапталып жатқанын қаламай, сол бақтың қабырғасына, яғни жоғары жаққа жазуларын сұрайды. Себебі пайғамбардың есімі аяқ астында қалмау керек. Сол сияқты менің қазақ елімнің де атауы тек жоғарыда тұрса екен деген тілегім бар екенін жеткізгім келеді, әр бір ел тек биіктен көрінуге лайықты (!)» - дейді ол. 

Осылайша Димаш Құдайберген бразилиялық тыңдармандарына өтінішін дұрыс жағынан түсініп, қабыл алар деген үміт білдірді. 

«Ақ ниеттеріңіз үшін тағы да рахмет», - деп түйді әнші.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар