17 нау, 2021 сағат 16:48

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын неге сатып алмай отыр?

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков коронавируске қарсы қандай шетелдік вакцина өндірушілермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«AstraZeneca бойынша келіссөздер болған. Бірақ ол мәселе бойынша белсенді келісімдер жасалған жоқ деуге болады. Қазіргі таңда вакциналау мәселесі өзекті екенін біліп отырсыздар. Бәріміз БАҚ-тан көз алмай отырмыз. Кейбір еуропалық елдер вакциналауды уақытша тоқтатып жатыр. Бұл тұрғыда біз белсендіміз. Кері әсері мейлінше аз дәрмектер бойынша көбірек келіссөздар жүргізудеміз», - деді Нұрлыбек Асылбеков. 

Ол, сондай-ақ, қазір Pfizer, Moderna, Sinovac, Johnson & Johnson сияқты бірнеше вакцина бойынша келіссөздер жүріп жатқанын атады. 

«Бұған дейін біз бұл туралы айтқанбыз. Бірақ ол келіссөздер жасырын жүріп жатыр деуден аулақпын. Нақты қашан жеткізілетіні туралы және бағасы бойынша кейін бөлек ақпарат болады», - деді комитет өкілі.