Біріккен Ұлттар ұйымында World Happiness Report-тың 2021 жылғы есебі жасалды. Қазақстан бұл тізімде 36-шы орын алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" WHR-ға сілтеме жасап.
БҰҰ-ның «Әлемдік бақыт туралы» жыл сайынғы есебінде биылғы жылы әлемнің 149 елі күтіліп отырған өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, жемқорлық және тағы басқа көрсеткіштер бойынша бағаланған. Қазақстан бұл тізімде 36-шы орын алып, Ресей, Грузия және Тәжікстан елдерін артта қалдырды.
Рейтингінің басында төртінші жыл қатарынан бірінші орын иеленіп отырған Финляндия елі тұр. Бақыт деңгейі бойынша үздік он елдің қатарына, сондай-ақ Исландия, Дания, Швейцария, Нидерланды, Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия кірді.
Бүрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында Эстония 28-ші орында, Литва 29-шы орында, Қырғызстан – 33-ші, Латвия – 34-ші, Қазақстан – 36-шы, Молдавия 49-шы, Ресей 60-шы, Тәжікстан 62-ші, Украина 69-шы және Грузия 73-ші орында тұр.
Рейтингіні Зимбабве және Танзания елдері түйіндеді.
World Happiness Report 2021 рейтингісінің биылғы ерекшелігі – оның коронавирус пандемиясының адам өміріне әсер етуін, сондай-ақ түрлі елдер үкіметтерінің оны қалай елегенін бағалауында.
Әлем елдерінің бақыт рейтингісі 2012 жылдан бері жасалып келеді.