25 қаз, 2018 сағат 13:58

АҚШ Қазақстанға 40 млрд доллардан астам инвестиция құйды – Мамин

АҚШ – Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі. Ол ел экономикасына көлемді қаржы құйды. Бұл туралы АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Ростың Қазақстанға ресми сапары аясында елордадағы «Rixos President Hotel» қонақүйінде Қазақстан-Америка бизнес-форумында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтты.

«ҚР Үкіметі атынан АҚШ сауда министрі Уилбор Ростың елімізге ресми сапары үшін және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтуды талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін, сонымен қатар, АҚШ-Қазақстан бизнес қауымдастығына осы сапарды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін. Біздің тәуелсіздік жылдарымыздың басынан бері АҚШ ең сенімді экономикалық серіктесіміз болды. АҚШ Қазақстанға 40 млрд-тан астам доллар инвестиция құйып, еліміз үшін ең ірі инвесторлардың бірі болып отыр. Chevron extmobiled, Electrics сынды компаниялар біздің инженирия, энергетика салаларда ұсынылған», - деді Мамин.

Ол Қазақстан үшін тікелей инвестицияның 8%-ын АҚШ ұсынағын атап өтті.

«Биыл Мемлекет басшысының қаңтардағы АҚШ-қа сапарының арқасында екіжақты сауда қатынасымызды кеңейтіп жатырмыз. Сол сапар аясында құны 7 млрд доллар болатын келісімге қол қойылды. Келісімшарттар өнеркәсіп, қаржы, авиация, цифрландыру, химиялық өнеркәсіп сияқты салаларда жасалды. Екі ел басшыларының стратегиялық әріптестікті нығайту туралы бірлескен мәлімдемесі біздің елдердің арасындағы сауда мен инвестицияны одан әрі нығайтуға негіз болды. Біз ынтымақтастық серіктестікті одан әрі нығайтып, сенімділікті күшейтеді деп сенеміз. Біздің ЖІӨ 70% және тікелей инвестицияның 8% Америкадан келеді. Осының арқасында экономикамыз өсіп жатқанын көріп отырмыз және қыркүйектен бері біздің ЖІІ 4% ұлғайды. Одан әрі өсе береді. Халықаралық валюта қоры да экономикамыздың өсіп жатқанын атап өтті. Ол 2016-2019 жылдарда да экономикалық өсімге қол жететінін де атады. Біз қойылған мақсаттарымызға қол жеткізіп келеміз», - деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары.

Асқар Мамин Қазақстанның сыртқы саудасына да тоқталды.

Ал сыртқы саудаға келетін болсақ, осы жылдың 8 айында 20% өсті. Сыртқы сауданы 100 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздейміз. Жалпы біздің экономика мен саудамыз шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттыруда. Және тікелей инвестиция тарту 15%-дан асты. Біз инвесторлар үшін ыңғайлы сауда жағдайын жасаймыз. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесін ұйымдастыруға тікелей өзі жауап береді. Инвестициялық саясаттағы жетістігімізді ескере отырып, біз құны 1 млрд доллар болатын жеке инвестициялар қорын ашуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.