#
#
Бейсенбі 25/02/2021

Қазақстан 2023 жылға қарай дәрі-дәрмек экспортын 4 есеге арттырмақ

  • 13.01.2021
  • 0
  • 254

2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 47% - ға өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Бұған отандық кәсіпорындарда шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюы себеп болды. Мысалы, «Химфарм» АҚ шығаратын өнім көлемін 2 есеге арттырды. Бұдан бөлек, компания соңғы 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есеге арттырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік заттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Өнімдер Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және Қырғызстан сияқты елдерге экспортталады. 

Сонымен қатар биыл Өзбекстан нарығын игере отырып, экспортты екі есеге арттыру жоспарланған. Бұдан бөлек, маңызды бастамалардың бірі Еуропалық одақтың дәрілік нарығына шығу көзделген. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 4 есеге, яғни 16 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бүгінде кәсіпорынның 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі нысандағы 120-дан астам дәрілік заттардың атаулары бар, ал бұл отандық өндірушінің оннан астам емдік топтарда ұсынылғанының көрсеткіші.

Сондай-ақ, «Dolce-Pharm» фармацевтикалық компаниясы да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Кәсіпорын шығарылатын өнім көлемін 5 есеге арттырды. Кәсіпорын 1998 жылы құрылды және 23 жыл ішінде бір рет қолданылатын ММБ өндіру саласында ұлттық көшбасшы атанды. Бүгінде компания түрлі медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады. Өндірістік кешен Алматы облысында, Ынтымақ ауылында орналасқан, онда 450 адам еңбек етеді. Зауытта 6 өндірістік цех бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар