Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат отырысынан кейін өткен брифинг барысында заңсыз иемделінген және елден шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жұмыс туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Cмайылов активтерді қайтару жөніндегі жұмыс қабылданған заңға сәйкес жүріп жатқанын және ол Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларының қисынды жалғасы екенін атап өтті. Негізгі міндет – әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, активтерді қайтару және оларды республика экономикасына жұмыс істеуге бағдарлау.
«Екі жолы бар – ерікті және мәжбүрлі түрде, олар сот шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Заңның күші жүретін адамдар тобы анықталған. Бұл – әкімшілік ресурстарды пайдаланып, активтерді заңсыз иемденген адамдар. Адал бизнеске алаңдауға негіз жоқ», — деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысының айтуынша, қайтарылған қаражат әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
«Бүгінгі таңда шамамен 1 трлн теңгенің активтері қайтарылды. Оның ішінде шамамен $600 млрд-ы шетелден қайтарылып отыр. Бұл жұмыс жалғасып жатыр», — деді Премьер-Министр.