11 қар, 2024 сағат 16:03

Қазақ жылқылары әлем чемпионатына жолдама алу үшін жарысқа түсті

Фото: турнир ұйымдастырушылары

2024 жылғы 8 қарашада «Қобыланды» жылқы зауытының аумағында (Алматы обл.) FEI 100 км қашықтыққа ат жарысы бойынша халықаралық турнир өтті CEI*1 100 km. Турнир халықаралық Ат спорты федерациясы - FEI қолдауымен өтті.

Турнирге Қазақстан және БАӘ спортшылары мен Қостанай және Адай тұқымдарының жылқылары қатысты. Еліміздің әр өңірінен 16 жылқы қатысты. Спортшылар мен олардың жылқылары бір күнде 100 км қашықтықты жүріп өтіп, төзімділікті, шеберлікті және ақыл-ой күшін көрсетті.

Халықаралық ат спорты федерациясының жылқының төзімділігі жөніндегі техникалық комитетінің басшысы Мұхаммед Әли Амер Омар Әл-Хадрамидің айтуынша, жарыстың бұл түрі қазақтың дәстүрлі ат жарысына өте ұқсас. Қазақ жылқыларының дайындығы өте жақсы және мұнда ғасырлар бойы жылқы шаруашылығы дамығанын көруге болады.

"Қазақстанның ат спорты бойынша халықаралық жарыстарды өткізу әлеуеті жоғары, өйткені Қазақстанның географиялық тұрғыда өте жақсы орналасқан. Ол: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. елдер арасында өте тиімді орналасқан. Сондықтан Қазақстан осы өңірде ат спорты үшін даму орталығына айналуы мүмкін", - деді әл-Хадрами.