16 мам, 2017 сағат 10:55

Қазақ жігіті Қытайда 5 литр қан тапсырған (Видео)

Қытайда білім алып жатқан қазақстандық студент 8 жыл бойы 5 литр қан тапсырған, деп жазады Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай орталық телевизиясының хабарлауынша, 2009 жылы 17 жасында сол елге жоғары білім алуға келген Руслан жылына екі рет қан беруді әдетке айналдырған. Қытай өткізген 8 жылында ол жалпы 5 литр көлемде қан тапсырып үлгерген, ал қаны теріс резус-факторлы (Rh) қытайлықтардың саны небәрі 1-3% -ды құрайды екен.

Руслан осындай сирек кездесетін қан доноры болғанда кез келген уақытта көмек беретін айтып, әлеуметтік желілерде және қан орталықтарына телефон нөмерін қалдырып отырған.

Айта кетерлігі, ҚХР Мемлекет басшысы Си Цзиньпин 2013 жылы 23 наурыз Мәскеу халықаралық қатынастар институтында Русланның ізгі істері туралы айтып берген болатын.

Қазақстандық студент қытайлық басылымдарға берген сұхбатында адамдарға көмектескенде өзін бақытты сезінетінін жеткізген.