Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Ұлттар Лигасының сұрмергендері арасында көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің үшінші турында жерлесіміз Беларусь (1:1) қақпасына гол салды.
Айымбетов үздік сұрмергендер арасында грузин Хвича Кварцхелия, грек Тасос Бакасетас және түрік Сердар Дурсуннан кейін жеке көрсеткіштері бойынша төртінші орында тұр.
Отандасымыз норвегиялық Эрлинг Холланд (3 гол) және португалиялық Криштиану Роналдудан (2 гол) жоғары тұрғанын айта кеткен жөн.