Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтына көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, этнограф Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың есімі берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" нституттың сайтына сілтеме жасап.
Әлихан Бөкейханов өзінің саналы өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси дербестігі үшін күреске арнады. Оның отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі де орасан.
Әлихан Бөкейханов артында бай мұра қалдырды. Оның мыңнан астам мақала, очерк пен жазбасы, Қазақстан тарихы, антропология, егіншілік, мал шаруашылығы, әдебиет және басқа да білім салалары бойынша іргелі ғылыми еңбектері бар.
1894-1926 жылдары Ә. Н. Бөкейханов төрт ғылыми-зерттеу экспедициясының жұмысына қатысты: «Тобыл» ретінде белгілі экспедицияға; Ф. А. Щербинаның басшылығындағы экспедицияға; С. П. Швецовтың басшылығындағы статистикалық-экономикалық экспедицияға; сонымен қатар (1926 жылы) СССР Ғылым академиясының антропологиялық экспедициясына қатысты. Ол Тәуелсіздіктің қалыптасу болашағына зор үлес қосты.