01 шіл, 2020 сағат 06:28

Қазақ қызы Америкада хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева Америкада 13-14 жасар қыздардан құралған хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі.

«Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті» деп жазды елшілік Instagram парақшасында.

Бұлбұл Қартанбаева - NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы. Ол өткен жылы америкалық «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.