13 ақп, 2026 сағат 14:38

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Алматыда екі шетелдік стример – Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев қазақ қыздарына қатысты қорлайтын сөздер айтқаннан кейін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжілісте өткен брифингте хабарлағандай, әкімшілік қамаумен қатар ІІМ Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «ұлтаралық араздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Егер блогерлердің кінәсі дәлелденсе, оларға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.