Елордада Qazaqstan Barysy Х республикалық турнирі басталды. Белдесулерді Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Биыл балуандар бәсекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналады. Жыл бойындағы іріктеуден іркілмей өткен 37 балуан турнирдің ақтық кезеңінде бақ сынайды. Олардың 11-і бірінші рет бас сынағалы отыр.
Сайыстың бірінші орын иегеріне 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 500 мың теңге, бапкеріне 1 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 800 мың теңге беріледі.
Биыл 10 жылдығы атап тойлап жатқан турнирді түркі тілдес елдерге хабар тарататын ТRТ АVAZ арнасы да тікелей эфирден көрсетіп жатыр.
Турнирдің регламентіне бірқатар өзгеріс енгізілгенін айту керек. Белдесу уақыты бес минуттан төртке дейін, ал қосымша уақыт екі минуттан бір минутқа дейін қысқартылған.