Қазақстандық хореограф түсірген фильм беделді кинофестивальдер іріктеуіне өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" 24.kz арнасына сілтеме жасап.
«Киелі би» атауымен шыққан эксперименталды арт-картина Нью-Йорк қаласындағы көне Dance on Camera фестиваліне, сондай-ақ Канн кинофестивалінің байқаудан тыс бағдарламасына өтті.
Бұл фильм Маңғыстауда түсірілген. «Киелі бидің» тамаша пейзаждарының бір өңірде орналасқанына сену қиын. Картина авторлары – Францияда тұрып жатқан балерина және хореограф Дана Мұса, сондай-ақ халықаралық энтузиастар командасы. Киноперформанс олардың жеке қаражатына жасалып, бірінші көрсетілімі Ақтау қаласында өткен.
Бастамашылардың ойынша, бұл жоба адамның табиғатпен жақындығы, әйел бастауының маңызы мен күші, сондай-ақ көшпелі халықтың дене және рухының еркіндігі жайында еске салуы тиіс.
Бұл тақырыпта түсірілген арт-тәжірибе әлемдік деңгейдегі киносарапшылар арасында сұранысқа ие.
«Барлық жобаларым бір-біріне ұқсас – бұл табиғатпен байланыс, әйел еркіндігі, оның өз денесімен үйлесімділігі. Себебі онда менің жеті архетипім бар, оның әрқайсысында мен баяндаймын, көрсетемін, билеймін. Бұл мен үшін өте маңызды. Әйел денесінің әр бөлігі, әрбір сантиметрі – киелі, фильмнің «Киелі би» деп аталуы да сондықтан», - деп атап өтті фильмнің авторы.