19 нау, 2018 сағат 08:16

"Қазақ аруы - 2018" байқауының жеңімпазы ақтаулық сұлу болды

Конкурс барысында қатысушылар Қазақстанның эстрада жұлдыздарымен бірге ән орындады және көрермендерге ұнаған өзге де қызықты байқаулар болды. "Қазақ аруы" Қазақстанда осымен сегізінші рет өтіп отыр. Бұл байқауға қатысудың басты шарты - қазақ тілін жетік білу. Сонымен қатар, қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен салт-дәстүрі туралы да хабардар болу қажет. Ал бұл сұлулық байқауы болғандықтан, қатысушылар білімімен қатар сұлулығын да көрсете алу керек. Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/style/kazak-aruyi-2018-baykauyinyin-jenmpazyi-aktaulyik-sulu-287709/ Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Алматыда "Қазақ Аруы-2018" сән байқауының ақтық сыны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл конкурста бас жүлдеге ие болған ақтаулық Нәбира Рахымжан болды. 

Бірінші орын қарағандылық ару Ақбота Бақытқалиға, екінші орын - шымкенттік Ақмарал Айтбаеваға және үшінші орын Ресейден келген Самал Мурадиеваға бұйырды. 


Мұның алдында ұйымдастыру комитеті бұл байқауға бес ел - Ресей, Түркия, Қырғызстан, Моңғолия және Өзбекстан қатысатынын мәлімдеген болатын. Алайда Түркия өкілі конкурсқа келе алмады, ал ақтық сынға 16 қыз өткен болатын. 

Конкурс барысында қатысушылар Қазақстанның эстрада жұлдыздарымен бірге ән орындады және көрермендерге ұнаған өзге де қызықты байқаулар болды. 


"Қазақ аруы" Қазақстанда осымен сегізінші рет өтіп отыр. Бұл байқауға қатысудың басты шарты - қазақ тілін жетік білу. Сонымен қатар, қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен салт-дәстүрі туралы да хабардар болу қажет. Ал бұл сұлулық байқауы болғандықтан, қатысушылар білімімен қатар сұлулығын да көрсете алу керек.