16 нау, 2021 сағат 13:20

«ҚазАгро» «Бәйтерек» холдингінің құрамына кірді

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кірді.

Бұл жайында Қазақстанның қор биржасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE), 2021 жылдың 15 наурызындағы жалғыз акционерінің шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционері бірнеше шешім қабылдады», - делінген биржа таратқан ақпаратта. 

Аталған шешімдердің қатарында «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ына «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ты қосу арқылы холдингті қайта құру, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ орналастырылған акциялары саны шегінде 585 352 214 дана акцияларын бір акцияға 366,85 теңгеден «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына сату бар.

Жалпы, жалғыз акционер барлығы 12 мәселе бойынша шешім қабылдаған.

Осылайша, «Бәйтерек» холдингінің құрамына бұрынғы «ҚазАгроның» үш еншілес ұйымы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кірді.