10 ақп, 2021 сағат 10:46

«Қайырымдылық туралы» Заң қайырымдылық инвестициялар көлемін арттыруға ықпал етті

«Қайырымдылық туралы» Заң қайырымдылық инвестициялар көлемін 4 есеге арттыруға ықпал етті. Бұл туралы «Қайырымды істер» марафонының басталуына арналған іс-шарада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде күн тәртібіне волонтерлік әрі қайырылымдылық қызметті ынталандыру мәселесі енгізілген. Осы мақсатта заң шығарушылық жұмыстары жүргізілуде. Осы тұрғыда еріктілерген қатысты түрлі жеңілдіктер қарастырылған. 

Оның сөзіне қарағанда, қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мақсатыда «Қайырымдылық туралы» Заң қабылданды. бұл өз кезегінде қайырымдылық инвестициялары көлемін 4 есеге, халықтың онлайн қайырымдылыққа қатысуын 3 есеге арттыруға ықпал етті. 

«Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша түсінікті әрі тиімді құқықтық тетіктерді қамтитын түзетулер пысықталып жатыр», - деді Аида Балаева.