09 қаң, 2026 сағат 15:28

Қайырымдылық қаражатын заңсыз жинаған жұбайларға сот үкімі шықты


Фото:ашық дереккөз


Астана қаласының ауданаралық қылмыстық соты Т. жұбайларын 2020–2024 жылдары баласын емдеу мақсатында жинаған қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.


Оларға 10 жыл мерзімге қайырымдылық қызметімен айналысу құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу тағайындалды.


Сот материалдарына сәйкес, жұбайлар әлеуметтік желі арқылы 2,2 млрд теңге қаражат жинаған. Оның 1,4 млрд теңгесі қайырымдылық ретінде алынғанымен, тек 6,4 млн теңге ғана баланың еміне жұмсалған. 

Қалған қаражат жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған:


    • Екі пәтер - 47 млн теңге;
    • Жер учаскелері - 8 млн теңге;
    • «LEXUS RX 300» - 28 млн теңге;
    • «Hyundai Santa Fe» - 8,2 млн теңге;
    • «Toyota Camry 75» - 15 млн теңге;
    • «Toyota Land Cruiser Prado» 150;
    • Брендтік тауарлар мен құмар ойындар - 9,7 млн теңге;
    • «Facebook Ads» жарнама платформасына төлем -  481 млн теңге;
    • Қарыздарын өтеу - 349,5 млн теңге;

ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігін қолдана отырып, сот жазаны өтеуді кәмелетке толмаған баласы бар Т.-ға 2 жылға кейінге қалдырды.