Фото: Қайыр Рысбаевтың жеке мұрағатынан
Зерттеуші әрі Қазақша Уикипедия администраторы Қайыр Рысбаев қазақ шежіресін жаңа көзқараспен қарауды ұсынады. Ол ерлермен қатар әйелдердің есімін де шежіреге енгізу керек деп есептейді. Оның пікірінше бұл бастама – гендерлік теңдікке бағытталған қадам әрі тарихи әділеттілікті қалпына келтіру талпынысы. Сұқбатта ғалым шежіренің эволюциясы, дәстүр мен заманауи талаптың үндесуі және әйелдердің тарихтағы орнын айқындау туралы ойларымен бөлісті.
– Қайыр мырза, әйелдерді шежіреге қосу идеясы сіздің ойыңызда қашан және қалай пайда болды?
– Генеология ғылымында екі бағыт бар: жоғарыдан төмен қарай (нисходящая) және төменнен жоғары қарай (восходящая) шежіре. Қазақтар дәстүрлі түрде бір адамнан тараған ұрпақтарды теріп жазады, яғни «нисходящая» шежіре түрін қолданған. Ал мен керісінше, өзімнің ата-бабаларым мен әжелерімді түгендей бастағанда, әйел адамдарды табу қиынға соқты. Себебі олардың есімдері көп жағдайда жазылмай қалған. Оларды табу үшін әкесінің және бір аға-інісінің атын білу керек болы. Тіпті 2008 жылы нағашыларым шығарған Қояншы Дәулет Тағай шежіре кітабында тек ерлердің аты болды, ал 2018 жылғы нұсқада әйелдерді қосқан. Осы айырмашылық мені ойландырды: неге әйелдердің есімін жазу дәстүрге айналмаған?
– Сіздіңше, бұл мәселені зерттеуге не түрткі болды?
– Көптеген шежірелерде әйелдердің есімі мүлде аталмайды. Дегенмен, сол рудан шыққан танымал немесе елге еңбегі сіңген әйел болса, оның өмірбаяны бөлек жазылады. Бірақ мұнда да бір қызық жайт бар: ол әйелдің әкесі немесе тегі шежірелік жүйеде көрсетілмейді. Яғни, суреті мен өмірбаяны бар, бірақ шежіренің өзінде оның аты-жөні кімнен тарағаны жоқ. Бұл – өз алдына бір парадокс. Нәтижесінде мұндай әйелдерді шежіреден тек тегі мен әкесінің аты арқылы ғана табуға болады. Алайда шежіре ішінде ол «пәленшенің қызы» ретінде көрсетілмейді.
– Бұл дәстүрге қайшы емес пе деген пікірлер айтылады. Сіз не дейсіз?
– Әйелдерді шежіреге қосу – қазақтың дәстүріне қарсы емес. Себебі дәстүр деген – қатып қалған ұғым емес, ол заман ағымына сай дамып, жаңарып отырады. Мысалы, бұрын шежіре ауызша айтылып, жазбаша түрде сақталмаған. Қазір ол кітап болып басылып шығып жатыр. Бұны ешкім дәстүрді бұзу деп есептемейді. Сол сияқты, бұрын сурет болмағанымен, бүгінгі шежірелерге адамдардың фотосуреттерін қосып жүрміз. Бұл да – дәстүрдің жаңа қырынан дамуының белгісі. Бұрын қыздарды қоспауы ол қыздарды жазуға тиым болғандықтан емес. Тиым салынған мен бұрын ондай болмағанның айырмашылғы жер мен көктей.
Қазақтың дастарқанындағы тағамдар да осы үрдісті дәлелдейді. Мәселен, ежелгі заманда етті жай ғана асса, кейін оған қамыр, сәбіз, басқа да қоспалар қосылып, бүгінгі күрделі «бесбармақ» тағамы қалыптасты. Сол сияқты, итальяндықтардың пиццасы да алғашында нанның үстіне ас үйде қалған аздаған тағам қалдықтарын салып пісірген қарапайым ас қана болған. Кейін ол әлемге танымал тағамға айналды. Демек, кез келген дәстүр – даму мен жаңаруға бейім.
Сол сияқты шежіре де заманауи түрленуге тиіс. Әйелдерді ғана емес, әр адамның туған және өмір сүрген жылдарын көрсету қажет. Бұл мәлімет болашақ ұрпақ үшін аса маңызды. Архивтер мен құжаттар арқылы бұл деректерді жинау да қазір оңай. Уақыт өте келе, шежіре жазудағы жүйелілік сақталады, кімнің кімге ағайын, іні немесе туыс екенін анықтау жеңілдейді. Және де жылдар көп орын аймайды кітап көлемінде.
1 Сурет. Егер ұмыт қалған аталар болса туған жылдары арқылы неше ата қалып қойғанын табуға және шежіренің толықтығын тексеруге болады.
Сонымен қатар, шежіреге стандарт енгізу де маңызды. Мысалы, әр адамның фотосын белгілі бір форматта – анық, жеке түскен сурет ретінде сақтау керек. Сол сияқты өмірбаянда да бірізділік болғаны жөн: қажетсіз ақпаратпен толықтырмай, нақты туған және өмір сүрген жылдары көрсетілсе жеткілікті. Мұндай жүйе шежірені ықшам әрі түсінікті етеді.
Мысалға жылдар қосылған шежіре үзіндісі:
Айта кету керек, қыздарды шежіреге қосқанда, олардың өз балалары кірмейді. Себебі қыз баланың балалары өз әкесінің руына жатады. Бірақ қыздардың өздері туған руының шежіресінде аталып отыруы керек.
Қазір шежіре көбіне ер адамдардың қызығушылығына айналған. Ал әйелдер бұл іске сирек араласады. Егер шежіреге әйелдердің есімдері енгізілсе, олардың да назарын аударады, қызығушылығын арттырады. Өз аты жазылған шежіре кітабын алу – әр адамға мақтаныш. Мұның өзі шежіреге сұранысты арттырып, кітаптың таралымын көбейтеді. Тіпті рудың ортақ қорына әйелдердің де белсенді қатысуына жол ашады.
– Әйелдерді қосу гендерлік теңдік мәселесімен байланысты ма?
– Әрине. Бұл бастама – теңдіктің көрінісі. Еуропада, Ресейде генеологтар шежіреге қыздарды да қосады. Біз де сол тәжірибеден үйренуіміз керек. Қызай, Түркіпен Адай, Алтын, Айбике мен Нұрбике Шаншар секілді рулардың бар екенін ескерсек, қазақта қыз есімін шежіреге қосу бұрыннан бар үрдіс.
– Шежіреге әйелдерді қосу іс жүзінде қалай жүзеге асуы керек?
– Үлкен руларда (Арғын, Найман, Жалайыр) түгел қамту қиын. Бірақ төменгі деңгейдегі – болыстық, ауылдық, әулеттік шежірелерге әйелдерді қосу жеңіл әрі тиімді. Мұндайда тек әйелдің өзі емес, туған және қайтыс болған жылдары, қысқаша мәліметтері енгізілсе, бұл болашақ ұрпаққа да пайдалы дерек болады.
Шежіреге әйелдерді қосу мәселесін талқылағанда, алдымен оның деңгейлерін ажыратып алу қажет. Қазақ шежіресінің құрылымы бірнеше сатылы жүйеден тұрады. Ең жоғарғы деңгейде – арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, алшын сияқты ірі, республикалық деңгейдегі рулар орналасқан. Мұндай үлкен руларда әдетте әйелдердің есімін қосу міндетті емес, себебі бұл – тұтас этностың, ұлттың кең ауқымдағы тектік жүйесі.
Ал келесі деңгейде – ірі рулардың ішкі тармақтары, мысалы, қаракесек, қуандық, садыр, жетімдер, т.б. сияқты екінші деңгейдегі рулар бар. Бұлар да үлкен қауым болғандықтан, дәстүрлі жүйе бойынша әйелдердің аты көп жағдайда енгізілмейді.
Алайда үшінші деңгейдегі, яғни бір болыс немесе ауылдық деңгейдегі ұсақ тармақтарда жағдай өзгеше. Мұндай рулардың саны аз, дерек те шектеулі болғандықтан, олардың шежіресіне әйелдердің есімін қосу – орынды әрі маңызды. Бұл бір жағынан шежірелік материалды толықтырып, сол әулеттің нақты тарихи бейнесін жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінде кейбір кіші әулет шежірелерінде тіпті күйеу бала, жиен, келіндердің есімдері де өз руларымен бірге енгізіліп жүр. Бұл үрдіс – қазақ шежіресінің жаңа, кеңейтілген форматының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Яғни қазіргі қоғамда шежіре тек ерлердің тізімі емес, ұрпақтың толық генеалогиялық картасына айналып барады.
– Қоғам бұны қалай қабылдауы мүмкін?
– Әрине, әртүрлі көзқарас болады. Консервативті буын қарсы шығуы мүмкін, ал жастар мен әйелдер бұл бастаманы қолдайды деп ойлаймын. Моңғолиядағы қазақтарда тіпті күйеу бала, келін, жиеннің аты да шежіреге енгізіледі. Бұл – нағыз дәстүр сақтаған қауымның үлгісі.
– Бұл бастамаға мемлекет немесе ғылыми ұйымдар назар аударып отыр ма?
– Қазіргі таңда шежіре – қоғамның өз бастамасы. Мемлекет ресми түрде бұл іске араласпайды. Бірақ ғылыми тұрғыда әйелдерді енгізудің пайдасы зор. Мысалы, генетикалық зерттеулерде аналық ДНҚ арқылы ұрпақ сабақтастығын дәлелдеуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ жеті ата қағидаты да әйел жағы арқылы толық есептелуі тиіс. Өйткені туыстық тек ер жағынан ғана емес, ана жағынан да беріледі. Жеті атаға дейін қыз алыспау керек дейді, бірақ бізде жеті атаның ерлерін ғана есептейді. Ал шешесі, әжесі жағынан бөлелердің баласы қосылып жатыр ма, бөлешарлардың баласы қосылып жатыр ма, нағашы-жиеннің немерелері қосылып жатыр ма, оны ешкім санамайды, есептемей жатыр. Егер жеті атаға дейін қосылмай маңызды болса, ол еркек жағынан ғана емес, әйел жағынан да есептеу керек болады. Жеті атаға дейін есептемесе де, оны бес атаға дейін есептеуге болады. Өйткені ген тек әкеден емес, әке-шешеден 50/50 пайызбен келеді. Сондықтан ер жағынан емес, әйкелдер жағынан да туыс болмауын қарау керек. сол үшін қыздарды қосқан дұрыс.
Қызарды шежіреге қосқанда оларды ерлерден ажырату мәселесі туындайды. Көптеген аттар унисекс (ұлға да қызға дай қойылатын аттар) болғандықтан қыз бен ұлды шатыстыру болуы мүмкін. Мысалы: Жанат, Манат, Бақыт, Бағдат.
Сондықтан қыздарды жазу әдістерінін бірнеше түрі қаралды :
1) Бірдей: Азаматтан - Әлихан, Аружан. Көптеген аттар унисекс (ұлға да қызға дай қойылатын аттар) болғандықтан қыз бен ұлды шатыстыру болуы мүмкін. Мысалы: Жанат, Манат, Бақыт, Бағдат.
2) Жақшада: Азаматтан - Әлихан, (Аружан). Бұл жерде шежіреде бірінші үлкені, сосын кішісі жазылуы керек деген ережесі бұзылып тұңғыш қыздар жолдың сонына кетіп қалады.
3) Шолпан белгісі: Азаматтан - Әлихан, Аружан♀. Жақсы жағы бір ғана символ қолданылады әрі орын көп алмайды.
4) Курсив: Азаматтан - Әлихан, Аружан. Ватсап және басқа мессенджерлер арқылы жібергенде курсив жойылып кетіп, қыз бен ұлды ажырата алмай қалуы мүмкін.
5) Қыз деп жазу: Азаматтан - Әлихан, Аружан қыз. нақты көрсетеді, бірақ 3 символдық орын алады.
Қыз деп жазу: Азаматтан - Әлихан, Аружан (қ). нақты көрсетеді, бірақ 3 символдық орын алады.
Қыз деп жазу: Азаматтан - Әлихан, Аружан (қыз). нақты көрсетеді, бірақ 3 символдық орын алады. нақты көрсетеді, бірақ 5 символдық орын алады.
6) Қызыл түспен жазу: Азаматтан - Әлихан, Аружан. Ватсап және басқа месенджерде қызыл түс қара түске айналып ажыратылмай қалады. Және де баспада түрлі түсті басуды талап етіп бағасын өсіреді.
Тағы бір ұсыныс шежіре кітап атауында ру атауын толық жазу: Мысалы: Арғын Қаракесек Керней шежіресі. Өйткені кіші ру атаулары аттас болуы мүмкін. Мысалы Кіші жүздің Қаракесегі кітапханада Арғын руының Қаракесек шежіресін алып шатасып оқуы мүмкін. Әлтеке руы да Байбақты мен Арғын арасында кездеседі. ВКонтакте, Фейсбукте руларға арналған топтарда аттас рудың адамдары қатар кіріп жүреді.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұқбаттасқан:
Ақбота Мұсабекқызы
