Фото: Қуат Хамитов Instagram парақшасынан
Қазақ футболына қыруар қаржы жұмсалса да айтарлықтай нәтиже көрсетілмей жүргенін айтып, жиі сынайтын танымал қазақстандық спортшысы Қуат Хамитов «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алуына қатысты оң пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
"Мен әрқашан біреудің еңбегін құрметтеймін, сондықтан сіздің қуаныштарыңызды бөлісемін! Чемпиондар Лигасының тобына кірулеріңізбен!
Бірақ ақыры осынша ақша футболға салынған екен, мен тек топқа кіріп қана қоймай, жерге қаратпайтындай нағыз шайқас пен ойын көргім келеді. Шаршы алаңда сәттілік!", - деді Хамитов Instagram желісіндегі жазбасында.
Қуат Хамитов – қазақстандық аралас жекпе-жек (MMA) спортшысы. Ол «Найман» лақап атымен танымал. Жеңіл және жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Соңғы жылдары ол тек спорттағы жетістіктерімен емес, әлеуметтік желідегі мәлімдемелерімен де жиі назарға ілігеді. Қазақстандағы спорт, саясат және қоғамдағы мәселелерге байланысты ашық пікір білдіреді.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» футбол клубы шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында 3-2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өткен.
