"Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов Рио-де-Жайнерода өтіп жатқан жазғы Олимпиада-2016 ойындарында қазақстандық зілтеміршілерден күтетін болжамымен бөлісті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Біздің командамыз өте жас. Олардың келешектері жарқын. Жазира Жаппарқұлдан медаль күтеміз, оның қазір нағыз бабында тұрған шағы. Зайчиков, Ұлановтар - мықты ауыр атлеттер. Медаль алатындарына сенімдімін», - деген Тұрлыхановтың сөзін келтіреді «Хабар» сайты.
Олимпиадада сегіз зілтмерішінің екеуі өнер көрсетті. Маргарита Елисеева 48 келіге дейінгі салмақта бесінші болса, Арли Чонтей 4-ші орынға (56 келіге дейінгі салмақта) тұрақтап, медальға сәл ғана жетпей қалды.
Ұлт порталы