25 сәу, 2018 сағат 16:50

Қайрат Нұртас жетім баланың иығына костюмін жапты

Қайрат Нұртас балалар үйінің тәрбиеленушісіне KN логотипі бар жеке костюмін сыйлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жамбыл облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Тараздағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жергілікті полицейлер Қайрат Нұртастың концертіне билет алып берген. 

Ыңғайлы сәтті пайдаланып, 10 жастағы Аркаша әншіге тұмар сыйлаған. Қарымтасына Қайрат Нұртас балаға KN логотипі бар жеке костюмін сыйлады. Осыдан кейін бала сүйікті әншісімен бірге бір сахнада қазақ тілінде ән шырқады.