25 сәу, 2022 сағат 12:37

Қайрат Құдайбергеннің компаниясы қанша теңге салық төлеп отыр?


Бизнесмен Қайрат Құдайбергеннің "Q3 Worldwide" инвестициялық холдингі  жыл басынан бері бюджетке 2,5 млн теңге салық төлеген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

"Q3 Worldwide" инвестициялық холдингінің құрылыс, инновациялық технологиялар, басқарушылық менеджмент және тағы басқа салаларда жұмыс істейді деп көрсетілген. Ол 2017 жылы құрылған.

Учет.кз салық төлеушілер базасында Қайрат Құдайбергеннің атында осы бір ғана компания тіркелген. 

Бес жыл бұрын құрылған компания былтыр 4 млннан астап салық төлесе, биыл 4 айда қазынаға 2,5 млн теңге аударған. Салық 10% екенін ескерсек, холдинг осы аралықта ресми 25 млн теңге табыс тапқан.

Еске салсақ, 22-сәуірде  Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды. Оған қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген айып тағылған. Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) қасында болған. Бұл туралы әлеуметтік желіде түрлі видеолар тарады. Ол бұған дейін куәгер ретінде жауап алуға шақырылған еді.

Жексенбіде тергеу соты Қайрат Құдайбергенге күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 1 ай "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады.