13 қыр, 2016 сағат 13:31

Қайрат Қожамжаров - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елбасы "Қ.П. Қожамжаровты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды.

Бұл ведомство Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастырудан кейін пайда болды.