27 там, 2025 сағат 10:21

«Қайрат» Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті


Фото: ФК Қайрат

Алматылық клуб Еуропаның басты клубтық додасының негізгі кезеңіне жолдама алған Қазақстандағы екінші команда атанды, деп хабарлайды Ult.kz sports24.kz-ке сілтеме жасап.

«Қайрат» футбол клубы қазақстандық футбол тарихына өз атын жазып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен елдің екінші өкілі болды.

Бұған дейін мұндай жетістікке тек «Астана» қол жеткізген еді — 2015/16 маусымында.

Ол кезде елордалық клуб Еуропаның ең беделді аренасында Қазақстан намысын қорғады, бірақ топтық кезеңде тұрақтай алмады. «Астана» мадридтік «Атлетико», лиссабондық «Бенфика» және стамбұлдық «Галатасараймен» бір топқа түсті. Нәтижесінде екі тең ойын, төрт жеңіліс және топтағы соңғы орын.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі 28 тамызда тартылады, ал алғашқы ойындар 16 қыркүйекте өтеді. Сонымен қатар, 29 тамызда Еуропа лигасының жеребесі жасалып, матчтар 24 қыркүйекте басталмақ.