Алматылық «Қайрат» бразилиялық белгілі шабуылшы Вагнер Лавпен ресми түрде келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Вагнер Лав жанкүйерлерге Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасында ойнаған кезінен жақсы танымал. Сондай-ақ, ол бүгінге дейін Бразилияның «Палмейрас», «Фламенго», «Коринтианс», Қытайдың «Шаньдун Лунэн», Францияның «Монако», Түркияның «Аланьяспор», «Бешикташ» командаларында ойн көрсеткен.
Ол 1984 жылы 11 маусымда Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2002 жылы бастаған.