Сирия президенті Башар Асадтың жары Асма әл-Асад қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін халқына үндеу жасады. Оның сөздері Сирия көшбасшысы кеңсесінің Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
"Мен әлемді табандалық пен күшті болуға үйреткен және қиындыққа тік қарай алатын халықтан шыққанмын. Менің батылдығым өткен уақыттағы сіздердің батылдықтарыңыз бен табандалықтарыңыздан жаратылған", - деп мәлімдеді ол дәрі тамызғыштан кейінгі байлаулы қолына қарамастан күлімсіреген суретін жариялап.
8 тамызда Асма Асадтың ауруханаға жатқызылғаны туралы мәлімет шыққан. Әйелде сүт безі ісігі бар екені анықталған. Сонымен қатар, ауру бастапқы кезеңінде екені белгілі болған.
Айта кеткен жөн, 11 тамызда Сирия президентінің жары 43 жасқа толды. Башар Асад Асмамен 2001 жылы үйленген. Сол жылы ұлы Хафез, 2003 жылы қызы Зейн, ал 2004 жылы тағы бір ұлы Карим дүниеге келген.