04 ақп, 2021 сағат 12:25

Қатерлі ісікке шалдыққан 29 науқас коронавирустан көз жұмды – Диляра Қайдарова

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 2 мыңнан астам онкологиялық науқас коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәрігерлер қанша ескерткенімен, коронавирусты онкологиялық ауруы бар адамдар да жұқтырды. Қазақстан бойынша 2 549 науқас COVID-19-ды жұқтырған, олардың 29-ы қайтыс болды», - дейді дейді «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Диляра Қайдарова. 

Оның айтуынша, қазір науқастардан вирустың жеңіл түрі расталса, олар 14 күн үйінде оқшауланады. Одан кейін ПТР тесттен өтеді, егер нәтижесі теріс болса, онкология бойынша емін қабылдай береді. Химия және ота жасардан бұрын науқастардың барлығының өкпесін компьютерлік томогорафияға түсіреді. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісік ауруы 173,5%-ды құраған. Абсолютті түрде 32 526 жаңа жағдай анықталған. Сырқаттанудың төмендеуі - 11,3%.