Фото: pexels.com
Мәжіліс Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2023 жылдың 12 желтоқсанында Дохада қол қойылған. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Келісімді ратификациялау елдерімізге әскери білім мен ғылым, әскери медицина секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ әскери саладағы мәдени-спорттық іс-шаралар, бітімгершілік операцияларға қатысты мәселелер бойынша кеңестер, жауынгерлік дайындық және басқа да бағыттар қарастырылған.
Құжатты мәжілісте талқылау барысында депутат Бақытжан Базарбек сұрақ қойды: келісім ратификацияланғаннан кейін Қазақстан мен Қатар бір-бірінің әскери полигондарын пайдаланады деген рас па?
"Келісімнің 5-бабына сәйкес, Қатар мен Қазақстан өздерінің әскери полигондарын пайдалана алады. Қазақстанда әскери полигондар көп, бірақ Қатарда полигон жоқ. Жалғыз нәрсе – әскери база. Айтыңызшы, Қатарда қандай әскери полигондар бар? Катар Әскери қызметшілері... Олардың әскері жоқ, 80 пайызы шетелдік әскери қызметшілерден тұрады, келісім бекітілген кезде ол ҰҚШҰ келісімімен қалай резонанс тудырады?"- деп сұрады Базарбек.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Қазақстанның мұндай жоспарлары әлі жоқ деп жауап берді.
"Біз олардың полигонын пайдалану мақсатымыз жоқ, керісінше, Қатар әскери қызметшілері біздің полигонды пайдалана алады. Мұндай мүмкіндік бар, беріледі. Екінші сұраққа қатысты қайшылықтар болмайды. Бұрын айтылғандай, 20 елмен мұндай келісімге қол қойылды. Сондықтан мұндай мәселе туындамайды", - деді министрдің орынбасары.
Келісім аясында екі мемлекеттің уәкілетті органдары әскери ынтымақтастықты анықтайтын, ұйымдастыратын және үйлестіретін бірлескен жұмыс тобын құрады.