11 қыр, 2024 сағат 12:47

Қатар Қазақстанда станция салады


Фото:wikipedia.org

2024 жылғы 20 наурызда Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасында басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісім Мәжілісте ратификацияланды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Бұл келісім елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан экономикасының маңызды бағыттарына жаңа капитал тартуға мүмкіндік береді.

Келісімнің басты мақсаты — телекоммуникация, қаржы, энергетика, мұнай-химия және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жобалар қосымша инвестициялар тартуды, инфрақұрылымды жақсартуды, заманауи технологияларды енгізуді және жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді.

Қазақстанда қазіргі уақытта 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында үш газ өңдеу зауыты, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісі, жаңа «Кс-14» компрессорлық станциясы және «Кс-14-Қостанай» газ құбыры, Қызылорда облысындағы электр станциясы, сондай-ақ Ертіс өзеніндегі су электр станциясының құрылысы бар.