Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантин шараларын қабылдауға қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен бизнеске ықпалды есепке ала отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық: карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын енгізу. Оның бәрі қазір қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді.