19 жел, 2019 сағат 14:12

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тағайындалған Энергетика министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.