Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter -дегі парақшасында жазды.
«Бүгін - Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс», - делінген желіде.