Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Алматы қаласына сапары жалғасуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесудің екінші күні сенімді өкілдер қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. Штаб мүшелері Елбасы ұсынған кандидаттың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел мүддесі үшін атқарған қызметіне және оның сайлауалды бағдарламасының негізгі түйініне тоқталды.
Жиында сөз алған Мәулен Әшімбаев кандидаттың тәуелсіздікті нығайтуға, мемлекеттің дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Жиналғандар кандидаттың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты талқылады.