03 қар, 2024 сағат 14:11

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентіне көңіл айтты


Акорда


Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты.


– Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.