03 мау, 2019 сағат 13:59

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретіндегі басты міндетін атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретіндегі басты міндетін атады. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

«Президент ретінде мен үшін басты міндет - биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру. Мемлекеттік биліктегі біздің қағидамыз: Күшті, құзіретті Президент - Сильный, полномочный Президент. Ықпалды, қабілетті Парламент - Влиятельный, дееспособный Парламент. Есеп беретін, кәсіби Үкімет - Подоотчётное, профессиональное Правительство.  Халқымызды мазалайтын стратегиялық мәселелер қоғам пікірін ескере отырып, қажет жағдайларда референдум арқылы шешімін табуы керек. Міне, осы міндеттерді орындау үшін жұмыс істейміз!», - деді Мемлекет басшысы. 

Осы орайда Президент маңызды істерге елдің әрбір тұрғыны белсене атсалысатынына сенім артты.

«Бүгін Жамбыл облысына қатысты негізгі мәселелер көтерілді. Облыс әкімі осы міндеттерге баса мән беріп, нақты шаралар қабылдау үшін Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек» - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығы өкілдерімен кездесуінде. 

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз