Сурет: Ақорда
Жоғары деңгейде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин 30-дан астам Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Атап айтқанда, сауда, экономика, шекара, теміржол, автотасымал жүйесін құру, қытай тілін оқыту, жануарларды қорғау, ғарыш, телевизия, жүк тасымалы, банк, статистика, ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа да салаларға қатысты құжаттарға қол қойылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасында партияаралық, мемлекетаралық, ведомствоаралық және коммерциялық келісімдер бекіді.