21 жел, 2022 сағат 18:39

Тоқаев Өзбекстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында Ташкент қаласындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Янги Узбекистон» саябағында орналасқан монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.