14 қаз, 2025 сағат 15:19

Қасым-Жомарт Тоқаев: Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді

Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысында айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

«Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады», - деді Президент.