16 жел, 2020 сағат 08:39

Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету - қастерлі парызымыз», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтуде.