12 нау, 2024 сағат 15:11

Қасым-Жомарт Тоқаев Физули қаласына барды



Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.


Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді. 


Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті «Загульбада» қарсы алды.