Фото: Ақорда
«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына келген Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті, деп хабарлайды Ult.kz.
Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы:
- - шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40%-дан астамы ЕО-ға тиесілі;
- - 2024 жылы Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 млрд долларға жуықтады (ЕО мен ОА арасындағы сауда көлемінің 80%-ы).
Президенттер экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атады.