06 жел, 2024 сағат 12:05

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті


Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.
Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.